Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 – 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы№ 840 қаулысы Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің 195-бабына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектіңкепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 – 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
3. Осықаулы 2026жылғы 1қаңтардан бастапқолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. БектеновҚазақстан Республикасы Үкіметінің
2025 жылғы 9 қазандағы
№ 840 қаулысымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 – 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасы1- тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 – 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 195-бабының екінші бөлігіне, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) медициналық көмек ұсыну түрлерінің, нысандары мен шарттарының тізбесін, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатыпалу және оған ақы төлеу тәртібін, қаржыландыру көздерін, медициналықкөмектің қолжетімділік өлшемшарттарын қамтиды.
2- тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек ұсыну түрлерінің, нысандары мен шарттарының тізбесі 3. ТМККК Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратыншетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, оған тиімділігі барынша дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ дәрімен қамтамасыз ету кіреді.
3-бөлім. Амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек23. Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек шұғыл, кезек күттірмейтін және жоспарлы нысандарда көрсетіледі.
24. ТМККК шеңберінде амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке:
1) әлеуметтік маңыздыбар аурулар кезіндегідиагностика және емдеу;
2) жарақат алғанда,уланғанда немесе кезек күттірмейтін басқа жағдайларда көрсетілетін қызметтер, оның ішінде МӘМС жүйесіндегі көрсетілетін қызметтердің тұтынушылары болып табылмайтын адамдар үшін елдегіэпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына әкелетін ауруларкезінде және сондай ауруларға күдік туындаған жағдайларда "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37
ұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-37 бұйрығы) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) сәйкес мобильді бригада көрсететін қызметтер;
3) № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына сәйкес нысаналытоптарды скринингтік зерттеу кіреді.
25. Бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы болмағанда амбулаториялық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезек күттірмейтін жағдайларда және жарақат алғанда жүзеге асырылады.
26. Бірінші және екінші деңгейдегі МСАК ұйымдары № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттерді динамикалық байқауда ұстауды жүзеге асырады.
27. Әлеуметтік мәні бар аурулары бар пациенттерді динамикалық байқауда ұстауды бейінді мамандар № ҚР ДСМ – 149 / 2020 бұйрығына сәйкес кезеңділікпен, дүркінділікпен және байқауда ұстау мерзімділігімен жүргізіледі.
4- бөлім. Стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек28. Стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек тәулік бойы медициналық байқауда ұстау мен емдеуді қажет етпейтін жағдайларда көрсетіледі, күндізгі уақытта төсек-орын беріп, медициналық байқауда ұстау мен емдеуді көздейді.
29. Стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына сәйкес тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетіледі.
30. Пациентті стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберу және емдеуге жатқызу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына (бұданәрі – № 106 бұйрығы)(нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
31. Стационарды алмастыратын жағдайлардағы медициналық көмек № 106 бұйрыққа сәйкес медициналық көмектің (бірінші, екінші,үшінші) деңгейлері бойынша жоспарлы нысанда көрсетіледі.