Меню

OФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКА

Көз ауруларының барлық түрлерін емдеу

Көз қабағына пластикалық операциясы

Заманауи құрылғылар

Шет елде білім алған дәрігерлер

OФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКА

Лечение всех видов
глазных
заболеваний

Пластические операции на
веках

Современная аппаратура

Высококвалифицированные доктора, прошедшие обучение зарубежом

ОФТАЛЬМОЛОГИЧЕСКАЯ
КЛИНИКА
ОФТАЛЬМОЛОГИЧЕСКАЯ
КЛИНИКА
Көз ауруларының барлық түрлерін емдеу
Көз қабағына пластикалық операциясы
Заманауи құрылғылар
Шет елде білім алған дәрігерлер
МАМАНДАР

Тен Светлана Сатвалдиновна
жоғары санатты дәрігер, офтальмологхирург, пастикалық хирург

Такеев Ренат Кенжебаевич
дәрігер-офтальмологхирург

Дакибаев Нуртас Саматович
ординатор-дәрігер

Акыжанова Лайлим Айтказиевна
медбике ісі жөніндегі директор орынбасары

Ақтайбеков Қайрат Аманбекұлы
жоғары санатты дәрігер офтальмохирург

Кабкеева Жанэль Алтынбековна
ординатор-дәрігер

Изин Данияр Галымжанович
ординатор-дәрігер

ЖАБДЫҚТАР
ЖАБДЫҚТАР
ЕМДЕЛУШІЛЕРІМІЗДІҢ ПІКІРЛЕРІ
ЕМДЕЛУШІЛЕРІМІЗДІҢ ПІКІРЛЕРІ
ЛИЦЕНЗИЯЛАР МЕН СЕРТИФИКАТТАР
ЛИЦЕНЗИЯЛАР МЕН СЕРТИФИКАТТАР
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Күнгей шағын ауданы, Сейткулов Мұхаметхан көшесі, 16 А құрылысы (2GIS-тан таба аласыз)
БАЙЛАНЫС
БАЙЛАНЫС
Жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі-жұма 09:00-17:00
(пікірлер, ұсыныста мен шағымдар үшін)
Left
Right
ҚЫЗМЕТТЕР
Көз көру диагностикасы
Сіздің дәрігерлік кеңесіңіз алдымен көздің жете тексеруінен басталады, оған қоса мамандар өткізетін тесттер кіреді. Содан соң, дәрігермен мәселе жан-жақты талқыланады. Ол сіздің өмір салтыныз бен көзінізге қандай қажеттіліктер қажет екенін, сонымен қатар көзілдірік пен линзадарды қолдануын анықтайды. Осы дәрігерлік кеңес арқылы сізге отаның қажеттілігі анықталады және сіз үшін ең жақсы нұсқа таңдалады.

Көз көру қабілеті мен көз денсаулығын сақтау үшін, көзді үнемі тексерістен өткізген жөн. Көзді тексерістен өткізу – бұл тек қана көз көру қабілетінің сапасын анықтау емес, сонымен қатар жалпы денсаулық жайлы көптеген мәлімет алу. Ол арқылы офтальмолог сіздің жалпы денсаулығыңыздың жағдайы жайлы қорытындылар жасай алады. Басқа мүшелерге қарағанда, көз сіздің көктамырдарыңыз бен күретамырларыңыздың жағдайы туралы көптеген мәлімет бере алады. Ағзадағы зат алмасу бұзылған жағдайда қан тамырларына зақым тиеді, оны көз көрудің бастапқы диагностикасында байқап, алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, офтальмолог көз көру қабілетін нашарлайтын аурулардың белгілерін анықтай алады. Осыған байланысты үнемі көзді тексерістен өткізген қажет. Көзді тексерістен кем дегенде жылына бір рет өткізген жөн, тіпті көз көру деңгейі 1,0 болған жағдайда да.
Бізге қалай жетуге болады
Автобустардың жүріс жолы:
Қала - 41,13,09 "Церковь" аялдамасы
Михайловка - 7 "Церковь" аялдамасы
Шығыс - 5,13 "Церковь" аялдмасы
"Умай" СҮ - 5 "Церковь" аялдамасы
Миссия мен құндылықтар
Миссиясы:
Көз жанарының көру қабілетін қалпына келтіру.

Кіріспе:
«Ten SV офтальмологиялық клиникасы» ЖШС-ның стратегиясы – офтальмология саласында пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған замануи клиникасы. Сапа бағыты, ҚР-ның жоғары кәсіби стандарттарына негізделген.

Ұстанымы:
Тұтынушылар арасында танылуды негізге ала отырып, жоғары деңгейде және сапалы түрде қызмет көрсету.

Құндылықтары:
1. Көшбасшылық және креативтілік;
2. Клиниканың тұрақтылығы;
3. Қанағаттандырылған және бейілді пациент;
4. Жоғары білікті мамандар;
5. Заманауи технологиялар;
6. Өндірістің жоғары мәдениеттілігі;
7. Ұжым ішінде мейірімді қарым-қатынас және оларды әлеуметтік қорғау;
Баға прейскуранты
Амбулаторалық оталар
Қабақтың сыртқа немесе ішке бүгілуі( бір көз) 95 000 теңге (күрделілігіне байланысты)
Птозға жасалатын ота (бір көз) 150 000 теңге (күрделілігіне байланысты)
Көздің тор қабығының ажырау отасы (пломбы салу, циркляжды лента тарту) 300 000 - 350 000 теңге
Глаукома СТЭ 205 000 теңге
СТЭ+ЗТС 235 000 теңге
ФЭК 230 000 (күрделілігіне байланысты)
ФЭК + СТЭ 290 000 теңге (күрделілігіне байланысты)
ФЭК - жұмсақ торикалық монофокалды ККЛ (Eyhance, Tecnis TORIC) 330 000 - 390 000 теңге
ФЭК – жұмсақ торикалық мультифокалды ККЛ (Synergy ,Symfony) 590 000 -780 000 теңге
ФЭК – мультифокалды жұмсақ ККЛ (AT LISA 839MP, LISA 809) 570 000 - 670 000 теңге
ЭЭК жумсақ монофокалды ККЛ 150 000 теңге
БХЕ 90 000 теңге (күрделілігіне байланысты)
Протездеу арқылы энуклеация отасы (бір көз) 200 000 теңге
Көздің ақилығына жасалатын ота 150 000 теңге
Эндовитреалды инъекция 85 000 теңге
Дисцизия (бір көз) 68 000 теңге
L-дисцизия (бір көз) 35 000 теңге
Птеригиумды алып тастау отасы (бір көз) 60 000 теңге
Пластикалық турде птеригиумды алып тастау отасы (бір көз) 75 000 теңге
Пластикалық турде птеригиумды алып тастау отасы (бір көз) - хирург Тен С.В. 85 000 теңге
Холязионды алу отасы 35 000 теңге
Қабақтың терісіндегі үсақ ісіктерді алып тастау отасы (жеке) қүрделі туріне қарай 35 000 теңге
Қабақтың терісіндегі үсақ ісіктерді алып тастау отасы (жеке) қүрделі туріне қарай 92 000 теңге
Конъюнктивадағы кистаны, пингвекулы, алу оталары 35 000 теңге
Балалардағы эпиконтусты алып тастау (бір көз): - (қүрделі түріне қарай) 92 000 - 138 000 теңге
Көз жас қабындағы іріңді кесу : 20 000 теңге
Конъюнктивадан мазок алу: 5 000 теңге
Қандағы қантты анықтау: 1 000 теңге
Дәрігерлік қаралу
Офтальмохирург Тен С.В. Алғашқы қабылдауы: 14 000 теңге
Алғашқы қабылдау (халықтың барлық санаттары ушун): 9 000 теңге
1 ші топтағы мугедектерге алғашқы қабылдау: 7000 теңге
2-3 ші топтағы мугедектерге алғашқы қабылдау : 8000 теңге
Бір ай ішінде екінші рет қабылдау тегін: ақысыз
1 айдан кейін қабылдау: 6000 теңге
2 айдан кейін қабылдау: 7 000 теңге
3-6 айдан кейін қабылдау: 8 000 теңге
6 айдан кейін қабылдау: 9000 – 14 000 теңге
6 айдан кейін қаралу 5 000 теңге
Балаларды алғашқы рет қабылдау: 7000 теңге
ОСТ (көзді тамографияға түсүру): 5000 теңге
Ота жасалған науқастарды қабылдау: тегін
1 айдан кейін қабылдау, 3 айдан кейін жібтерді алу 2000 теңге
Кеңес алу: коньюктивит, птеригиум, халязион 9000 теңге
Курстық емделуден кейінгі тексеру, дәрігердің кеңесін алу 10күн ішінде тегін
Емдік контакты линза 4000 теңге
Ай сайынғы көзішілік қысымды өлшеу: 4000 теңге
Қабақ массажы: 3000 теңге
Жас жолдарын зондтау (1 көз): 14 000 теңге
Жас жолдарын жуу (1 көз): 10 000 теңге
Реополиглюкинсіз курстық емделу: (біздің дәрі дәрмектермен) (коллализин + дицинон) : 55 000 теңге
Гемаза: 60 000 теңге
Қурстық емделу: (біздің дәрі дәрмектерсіз және шприцтерсіз е/і, к/т, п/б, п/к): 2000 теңге
Система: 3000 теңге
К/Т: 2500 теңге
Алкоголизация: 15 000 теңге
Көзге түскен бөгде затты алып тастау: 9000 теңге
Блефарохалазды алу отасы
Кеңес алу: 3 000 теңге
Астыңғы қабақ : 250 000 теңге
Үстіңгі қабақ: 220 000 теңге
Қас : 220 000 теңге
Науқастың тунге қалуы: 15 000 теңге
Науқастың бір тәулікке қалуы 20 000 тенге
Тен Светлана Сатвалдиновна, жоғары санатты дәрігер-офтальмолог. Қазіргі әрекет етуші офтальмохирург және пластикалық хирург.
30 жылдан астам тәжірибесі бар. 1989 жылы Карағанды Мемлекеттік Медицина Институтын тәмамдады. Әрдайым күрделі деңгейлердегі оталарды жүргізеді – катаракта ,глаукома , птеригиумге қарсы, сонымен қатар көздің ішкі тор қабығының қабатталуы, қылилықты түзету, алыстан нашар көрушілік, көз қабағына пластикалық операциясы және т.б. 2017 жылы ересектер офтальмологиясы бойынша жоғары санатты маман сертификатын алды. Жыл сайын өтетін ESCRS (European Society of Cataract and Refractive Surgeons немесе Катаракталық және рефракциондық хирургтардың Еуропалық қоғамы) конференциясының мүшесі және белсенді қатысушысы. Корея, Индия, Италия елдеріндегі жетекші клиникаларында жыл сайын көз микрохирургиясы мен пластикалық хирургия саласында біліктілігін арттырады.
Искакова Жанар Газизовна, жоғары санатты дәрігер-офтальмолог.
24 жылдан астам тәжірибесі бар. 1995 жылы Карағанды Мемлекеттік Медицина Институтын тәмамдады. 2016 жылы балалар мен ересектер офтальмологиясы саласында жоғары санатты маман сертификатын алды. Көбінесе балалар қабылдауын жүргізеді.
Такеев Ренат Кенжебаевич, дәрігер-офтальмохирург.
8 жылдан астам тәжірибесі бар. 2011 жылы Карағанды Мемлекеттік Медицина Институтын тәмамдады. Әрдайым көз микрохирургиясы саласында біліктілік арттырып отырады (соңғы 3 жыл ішінде екі рет Ресей мен Индия елдерінде көз микрохирургиясы бойынша біліктілігін арттырды).
Наши услуги
ТМККК
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысы.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008 - 2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2014 № 29 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
2. ТМККК-ге:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) мыналарды: медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК); медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек; 5) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына паллиативтік көмек және мейіргер күтімі кіреді;

2. ТМККК тізбесі
3. ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек:
1) шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсетуді;
2) шұғыл айғақтары бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар бұқаралық іс-шараларды (қоғамдық, мәдени-бұқаралық, спорт және басқа) медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.
4. ТМККК шеңберіндегі санитариялық авиация:
1) пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда қажетті ресурстардың болмауына байланысты медициналық көмектің тиісті деңгейін көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
2) авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.
5. ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек МСАК, КДК қамтиды және осы ТМККК тізбесіне қосымшаға сәйкес көлемде ұсынылады.
6. Жоғары мамандандырылған және жаңа технологиялар пайдаланылатын медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйым (бұдан әрі – АЕҰ) маманының жолдамасы бойынша көрсетіледі.
7. ТМККК шеңберіндегі стационарлық көмек уәкілетті орган белгілеген стандарт палаталарда қосымша сервистік қызметтер (теледидар, телефон, тапсырыс бойынша тамақ және т.б.) ұсынусыз жүзеге асырылады.
8. Стационарлық көмек түрінде көрсетілетін ТМККК уәкілеттік орган бекітетін түрлер мен көлемдерге сәйкес:
1) мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультация беруін;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді;
3) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
4) медициналық айғақтар бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз етуді;
5) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасауды;
6) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етуді;
7) балалар және азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін кеш оңалтуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды;
8) балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаты үшін паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.
9. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын медициналық көмек:
1) мамандардың тексеріп-қарауын, консультация беруін;
2) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
3) стандарттарға сәйкес физио ем-шараны және емдік дене шынықтыруды қоса алғанда, айғақтар бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды қамтиды.
10. ТМККК шеңберінде патологоанатомиялық бюроның (бөлімнің) қызметтері:
1) паталогоанатомиялық ашуды;
2) операциялық және биопсиялық материалдарды гистологиялық зерттеуді;
3) цитологиялық зерттеулерді қамтиды.
11. ТМККК тізбесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және айғақтар болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу қамтылады.
12. ТМККК көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес:
1) жедел/кезек күттірмейтін/шұғыл медициналық жәрдемді;
2) эпидемиялық айғақтары бойынша жұқтыру қаупі кезінде антирабикалық көмекті;
3) айғақтар бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы көмекті;
4) иммунопрофилактиканы/вакцинациялауды;
5) стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.
13. ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету уәкілетті орган бекіткен айғақтар және МСАК маманының рецептісі бойынша белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
14. ТМККК шеңберіндегі медициналық көмек кіші инвазивтік технологияларды пайдалана отырып, емдік-диагностикалық қызметтерді де қамтиды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне қосымша

ҚЫЗМЕТТЕР
Глаукоманы емдеу
Глаукома – бұл көз көруді жоғалту мен көз көру жүйкелеріне зақым келуіне әкеп соқтыратын аурылар тобының жалпы атауы. Глаукоманы ерте анықтаған жағдайда, оны толық емдеу әбден мүмкін. Өкінішке орай, дұрыс емделуден өткен 10% жуық адамдар көз көруін жоғалтады. Глаукомада көбінесе көз көруді жоғалтқанға дейін айқын белгілері байқалмайды. Глаукомадан сақтанудың ең жақсы әдісі ретінде үнемі арнайы тексерістен өту болып саналады. Глаукоманы дер кезінде емдеу, көз көруді жоғалтудан сақтайды.

Емдеуду түрлері:
  • Көзге арналған тамшылар;
  • Хирургияның қатысуы;
  • Селективтік лазерлық трабекулопластика (SLT);

Глаукома пайда болған жағдайда, оны өмірбойы емдеу керек және үнемі тексерістен өткен жөн. Егер сізге глаукомаға қарсы дәрі-дәрмектер белгіленген болса, оларды міндетті түрде дәрігердің нұсқаулығымен қабылдау керек. Глаукоманың өзіндік белгілері бар, егер де қандай да бір белгілерді сезетін болсаңыз, оны диагностика арқылы анықтауға болады.
ҚЫЗМЕТТЕР
Ретинопатиені емдеу
Ретинопатия – көздің ішкі тор қабағының зақымдуы, ол көз торының қан айналымының бұзылуына және көз торының дистрофиясы мен көз көру жүйкесінің атрофиясына, соқырлыққа әкеп соқтырады.

Пайда болу себептері
Көздің ішкі тор қабағының зақымдуы ағзаның жүйелік ауру мен оның қауіпті жағдайда болу әсерінен пайда болады. Бастапқы ретинопатияның себептері белгісіз. Екіншілік ретинопатия - гипертония ауруының асқынуында, бүйрек жеткіліксіздігінде, қант диабетінде, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруында, қан жүйесінің патологиясында, жүктілік уыттануында, көкірек қуысын немесе көз алмасын зақымдаған кезінде байқалады. Шала туылған балалар ретинопатиясы олардың көз торының толық жетілмегендіктен болады, яғни оның себебі мезгілінен бұрын босану мен оларды оттектті инкубаторларда күту салдарынан.

Белгілер
Ретинопатияның барлық түрлері үшін бір белгісі бар, ол – көз көрудің нашарлауы. Олар көз көру өткірлігінің төмендеуі мен көз көру өрісінің қысқаруымен; көз алдында нүктелердің немесе қара дақтардың пайда болуымен; кенеттен соқырлықпен байқалады. Көз көрудің нашарлауы, көз алмасына қан кетуі мен қан тамырларының ұлғаюымен жүреді, ол жағдайда көздің ағы қызарады. Ауыр жағдайда көз қарашығының түсі өзгереді және оның әсерлігі нашарлайды. Ал патологиялық процесс кезінде кейбір аурулармен сүйемелденуі мүмкін,яғни бас ауруы, бас айналуы, жүректің айнуы. Белгілердің нақтырақ болуы ренопатияның түріне байланысты.

Ренопатияны емдеу
Ренопатияны емдеу оның түрі мен даму сатысына байланысты. Негізгі бағыттары: консервативтік және хирургиялық емделу. Консерватитік емделу, көз тамшыларын тамызу болып саналады, яғни дәруменді және гормонды дәрі-дәрмектермен. Хирургиялыққа лазерлі немесе криохирургиялық көз торының коагуляциясы, сонымен қатар витрэктомия (шыны тәріздес дененің алып тастау) жатады. Шала туылған балалар ретинопатиясының бастапқы кезеңдерінде өздігінен емделу болуы мүмкін, сондықтан бала міндетті түрде педиатр мен офтальмологтың бақылауында болады. Басқа да жағдайларда лазерлі коагуляцияның, криоретинопексияның, склеропломбировканың немесе витрэктомияның өткізілгені жөн. Ретинопатияны емдеу кезінде қолданылатын басқа да әдістер: оксигенобаротерапия, витреоретинальдық отасы.
ҚЫЗМЕТТЕР
Катаракта хирургиясы
Катаракта – көз жанарының бұлдырлауы, ол көз жітілігінің нашарлауына әкеп соқтырады. Бұл аурудың атауы грек сөзі katarrháktes-тан алынған, мағынасы «сарқырама» дегенді білдіреді. Бұл мағынанның пайда болу себебі, ежелгі дәрігерлер бұл ауруды көздің нұрлы қабығы (радужка) мен көз жанарының ортасындағы сұйықтықтың ағуымен байланыстырған.

Офтальмологиялық тексерусіз катарактаның бастапқы кезеңін байқау қиынға соқтырады. Сонымен қатар, бастапқы кезеңде айқын белгілер байқалмады. Аурудың дамыған сайын, көз көру нашарлайды: пациент заттарды тұманда тұрғандай, бұлынғыр көре бастайды, жарық саулеге сезімталдық әсерлене түседі, түндегі көру нашарланып, түс түйсінімі әлсізденеді. Катаракта көздің жастық өзгерістерінің дамуына байланысты болғанымен, катаракта көбінесе 40-50 жаста немесе одан да жас кезден бастап шығады. 80 жастан жоғары пациенттерде катарактаны айқындау жиелілігі 100% құрайды.

Кейбір адамдарда қарттар катарактасы көп жылдар бойы өте баяу, әрі ауырпай дамиды, және ол аурудың бастапқы диагнозы офтальмологта әдеттегі тексерілісте қойылады. Ота жасау кезінде катарактамен зақымданған көз жанары алып тасталады, оның орнына жасанды интраокулярлық линза (ИОЛ) қойылады. Анестезия ауыруды сездірмейтін заманауи тамшылар арқылы тамызылады. Отадан соң көз көру қабілеті қалпына келеді.
ҚЫЗМЕТТЕР
Көздің ішкі тор қабығының қабатталуы
Көздің ішкі тор қабығы – көздің жұқа, әрі күрделі бөлігі болып саналады, ол бірінші болып жарық импульстарын қабылдайды. Көздің ішкі тор қабығы, көздік оптикалық жүйесі мен мидың көз көру бөлігінің арасындағы қатынасақа жауап береді: ол ақпаратты қабылдайды және таратады. Көздің ішкі тор қабығының қабатталуы – хирургиялық емделуді қажет ететін ауыр дерт болып саналады. Ол көздің торлы қабығының тамырлы қабығынан айырылуынан пайда болады. Бұл жағдайда дер кезінде маманға жүгінген жөн. Кешігу соқырлыққа алып келеді!

Көздің ішкі тор қабығының қабатталуы көбіне алыстан нашар көретін адамдарда кездеседі, сонымен қатар жарақаттың, гипертониялық күрт асқынудың салдарынан болуы да мүмкін.

Хирургиялық емделу
Көздің ішкі тор қабығының қабатталуын хирургиялық емделудің негізгі мақсаты – көз торының тиісті тіндерге жанасуы. Хирургиялық емдеу экстрасклералды баллондау немесе пломбалаумен (көз торын тисіті тіндерге жанастыру мен оны лазер арқылы бекемдеу) және витрэктомия (шыны тәріздес денеден тыртықшаны, қанды немесе патологиялық өзгерістерге тіндерді алып тастау үшін қолданылады) арқылы жүзезе асады.

«ТЕН СВ» офтальмологиялық клиникасында көздің ішкі тор қабығының қабатталуын хирургиялық емдеу ауруханаға жатқызбай, бір күн ішінде өтеді. Бірақ-та, емделуден кейін кейбір көз көру арқылы жұмыс істеу мен физикалық белсенділікті шектеу керек. Оған қарамастан, сауықтыру кезеңі тез өтеді, бірнеше күндерден соң қалыпты өмір сүру салтыңызға ораласыз
ҚЫЗМЕТТЕР
Қылилықты түзету
Қылилық – бұл екі көздің қарау бағыттарының өзгерісі. Қылилықтың әр түрлі түрі бар, көбіне қитарлы болады ( көздің ішке қарау ауытқуы) немесе шапыраш қылилық (көздің сыртқа ауытқуы). Сонымен қатар, тігінен қылилық та болады, яғни бір көз екінші көзден сағатат тілімен (немесе сағат тілінен) ауытқуы.Одан да басқа түрлі қалыптар болады. Көз әр дайым немесе мерзімді қылилануы мүмкін.

Емдеу
Қылилықты емдеу кезінде бала күндерінен арнайы көзілдірікті қолданады. Қылиланған көздің көруін белсендіру үшін, сау көзге байлауыш салады. Онымен қоса арнайы жаттығулар курсы жүргізіледі. Қылилықты емдеу көптеген уақытты кажет етеді: айлар, тіпті жылдар.

Егер 1,5-2 жылда жоғарыда айтылған тәсілдер көмектеспесе, хирургиялық емдеу белгіленеді. Ота қилылиқтың алдын алады, бірақ көздің қалыпты жұмыс жасауына арнайы жаттығулар керек болады.

Қылилықтан ота, бала күндерінен ем алмаған немесе жарақаттың салдарынан ересек адамдарға жасалады. Ота түрін тек ота кезінде ғана хирург тағаындайды, себебі әр адамның бұлшықетерінің орналасуы әр түрлі болады. Кейбір кездері бірден екі көзге де ота жасалады, кейбір кезде тек бір көзге жасалады. Шұғыл түрде араласуыдың мақсаты, қозғалыстағы көз алмасының қандай да бір бұлшық етін әлсірету немесе күштеу үшін. Қылилықтан ота амбулаторлы түрде өтеді. Отадан кейін үйге қайтып, қалыпты өмір салтыңызға ораласыз.
ҚЫЗМЕТТЕР
Алыстан нашар көрушілікті емдеу.
Егер сіз алыстан нашар көрсеңіз, объекттердің бейнесі алыс қашықтықта бұлыңғыр көрінеді. Ал егер сығырая қарасаңыз, онда бейнелер анығырақ болады. Мысалы, алыстан нашар көретін студенттер кітапті оңай оқиды және қасында отырғандары көріп тұрады, ал оқытушы мен тақтада жазылған сөздер бұлыңғыр болады. Алыстан нашар көрушілік, немесе миопия, көзге түсетін жарық саулелерінің сынуы тым қатты жүреді және көз торына жетпей бір нүктеде тұрып қалады. Алыстан нашар көру кезінде көз алмасы нормасынан тыс ұзын болуы мүмкін немесе көздің мүйізгек қабығы тым қиғаш болуы мүмкін. Нәтижесінде сіз көретін бейне, көз торында қалпына сай орнықпайды.

Әдетте алыстан нашар көру бала кезден бастап байқалады, ата-аналар баланың мектепте тақтадағы жазуларды оқуға қиналған кезде. Алыстан нашар көру жеткіншек жастық кезінде нашарлай түседі, ал есею кезіне қарай тұрақталады. Кейбір мамандардың айтуынша, алыстан нашар көру тұқым қуалау арқылы беріледі. Ол астегматизммен (бұлдырлау) бірге жүруі немесе жүрмеуі мүмкін. Алыстан нашар көру кезінде әдеттегі дәрігерлік қорытындыда бірінші цифр алдынта минус белгісін қояды.
ҚЫЗМЕТТЕР
Көз қабағына пластикалық операциясы
Блефаропластиканы жасау ұзақтығы оның көлеміне байланысты болады, көбіне 1-3 сағатты құрайды. Көрсетілімнің бар болу жағдайында пациентке үстінгі және/немесе асыңғы қабақтың пластикасы жасалынады. Ота алдында хирург міндетті түрде көзге арнайы белгілер қояды.

Астыңғы қабақтың пластикасы
Астыңғы қабақтың блефаропластикасы екі тәсілмен өтеді – дәстүрлі және трансконъюнктивті.

Трансконъюнктивті пластикасы көз асты қалтасы бар және артық терісі жоқ жас пациенттерге қолданылады. Бұл жағдайда артық майлы өзектері, көздің конъюнктивті жағынан тілу арқылы алынады, яғни блефаропластика көзге көрінбейтін тілу арқылы жүреді.

Егер пациенттерде айқын байқалатын астыңғы қабақ теріснің артықшылығы болса, онда дәстүрлі блефаропластикасы жасалады. Оталы тілім астыңғы кірпікке дейін 2-3 мм қашықтықта жасалады. Содан соң хирург артық теріні алып тастайды, сонымен қатар артық май өзектері де алынады.

Дәстүрлі пластиканың соңғы кезеңі кескен жерді тігу. Отадан кейін бірнеше күндерден соң тігістер алынады.Қабақтың терісі жұқа болғандықтан, сол жердегі тігіс орны тез жазылады. Тігіс орны тез арада көзге көрінбейтін, жіңішке ақ жіп тәріздес болып қалады.

Үстінгі қабақтың пластикасы
Үстінгі қабақтың блефаропластикасы терінің артықшылығы мен жарықтың (грыжа) бар болуына байланысты өтеді. Көбінесе үстінгі қабақтың пластикасы косметикалық мақсатта жүреді, бірақ-та қабақ терісінің тым артықшылығы сонша, қабақ көз үстінен салбырап, көруге бөгет жасауы мүмкін.

Үстінгі қабақтың блефаропластикасы әрдайым сыртқы тілу арқылы жүреді. Тек қана осы жолмен артық тері мен артық май өзектері алынады. Ота алдында хирург тілу орындарына, қабаққа арнайы белгі салады. Тілімнің ұзындығы әр пациенттерге жекелей болады және терінің артықшылығына байланысты болады. Кейбір жағдайда, бұлшықеттер жартылай кесіледі (бұл кезде блефаропластиканың нәтижесі нашар көрінеді).

Отаның аяғында кесілген жер тігіледі, тігістер 3-4 күннен кейін шешіледі. Ішкі тілім орындары тез жазылады, тілім орны көзге көрінбейтін жіңішке, ақ сызыққа айналады. Сыртқы тілімдердің жазылуы терінің қалың болуына байланысты, бірнеше айға созылады. Үстінгі қабақтың блефаропластикасы түрлі ұлт өкілдері арасында танымал, әсіресе «шығыс қабақтарна» ие адамдар арасында. Сонымен қатар, кейбір адамдарға эпикантус немесе көз бұрышының төменге түсуі бойынша пластика қажет болады. Барлық сұрақтарды Сіз өз хирургыңызбен талқылай аласыз.
Мәлімдеме қалдыру
Оставь заявку на операцию сейчас, и получи консультацию специалиста!
Сіздің есіміңіз:
Сіздің байланыс номеріңіз: